Шартарап

Ресейде 200 адам егде тартқан әйелдің өлімінен соң митингке шықты

  • Ресейде 200 адам егде тартқан әйелдің өлімінен соң митингке шықты

    Ресейде 200 адам егде тартқан әйелдің өлімінен соң митингке шықты

Ресейдің Бужаниново ауылында 200-ге жуық адам жергілікті 65 жастағы әйелді зорлап, оны өлтірген бұзақыларды жазалауды талап етіп көшеге шықты. Бұл туралы Baza Telegram арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда мигранттарға қатысты үлкен проблема бар. Олар тіпті мектеп оқушыларына тиіседі, ал ата-аналар жасөспірімдерді жалғыз көшеге жіберуден қорқады. Зейнеткер әйелдің оқиғасы тұрғындардың шымбайына қатты батты.

Baza Telegram мәліметінше, қазір жұрт жиналған жерге полиция мен ОМОН қызметкерлерін келіп жатыр.

Билік өкілдері мигранттар жатақханасын жабуды талап етеді. Бұл туралы Сергиев-Посад қалалық округінің басшысы Михаил Токарев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Қарт әйелді өлтірді. Ол саяжайдан үйге оралуы керек еді, бірақ қайтып келген жоқ. Ұлы оны іздестіру жұмыстарын бастады. Бужаниновтың жанындағы орман алқабында оның жансыз денесі табылды", – деп жазды ол. Токаревтің айтуынша, полиция жер үй құрылысында жұмыс істеп жүрген Тәжікстанның екі азаматын ұстады.

Токарев енді тұрғындар барлық мигрантқа қаһарын төгуге дайын тұрғанын айтты.  Сонымен қатар, ол адамдарды тоқтауға шақырды, өйткені барлығын ұлтына қарай бағалау – үлкен агерессияға әкеліп соғуы мүмкін қателік.

"Біз Бужанинов тұрғындарының талаптарын тыңдадық: 14 қыркүйекте жатақхана иесімен кездесу өткіземіз, оның жабылуын талап етеміз", — деді округ басшысы полицияның іс-әрекеттерін қадағалап, қылмысты тергеуді бақылауда ұстауға уәде беріп.

Айта кетейік, 2021 жылдың 6 қыркүйегінде Ресейді оқыс оқиға дүр сілкіндіріп өтті. Киселевскіде екі мектеп оқушысы жоғалып, кейінірек денелері тастанды үйден табылған. Бірнеше сағат ішінде мектеп оқушыларын өлтірген күдіктінің жеке басы анықталды. 41 жастағы Виктор Пестерников кінәсін мойындап, қамауға алынды.




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 14:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30