Ресейдің Ижевск қаласындағы атыс салдарынан алты адам қаза болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Пятый канал" сайтына сілтеме жасап жазды.
Басылым мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі де өзгеруі мүмкін.
Нақты мәлімет алғашқы тергеу амалдары аяқталғаннан кейін айтылады.
Бұған дейін он адам зардап шеккені туралы хабар түскен. Оның ішінде төрт адам зардап шеккен, қалғаны қаза тапқан.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз біреу мектепте атыс шығарғаны хабарланған болатын.