Ресейде бортында жолаушылар бар ұшақ радардан жоғалып кетті

16 шілде 2021, 17:08

Ресейдің Томск облысына қарасты Бакчар ауданында бортында адамдары бар Ан-28 ұшағы радардан жоғалып кетті.

 

Бұл туралы жедео қызметтерге сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 17 адам бар.

 

Ал ұшақ «Сибирская легкая авиация» компаниясына тиесілі.

 

Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

 

 

 

24.kz