Басылым мәліметінше, құқық бұзушы ғимараттың ішіне кіріп, "ешкім соғыспайды" деп военкоматтың бастығы Александр Елисеевке алты рет мылтықпен оқ атқан. Оқиға видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Атқыш ұсталды, ол 25 жастағы жергілікті тұрғын Руслан Зинин болып шықты.
Зардап шеккен әскери комиссариат бастығы Александр Елисеев жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.