Шартарап

Ресейде жанармай құю бекетіндегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Ресейдің Новосибирск қаласында жанармай құю бекеті атылып, кешеннің тас-талқаны шықты.

 

Кейінгі дерек бойынша 30-дан астам адам жарақат алған.

 

Ауыр жарақат алған 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында бір бала мен екі өрт сөндіруші бар. 

 

Атылған цистерна ондаған метр қашықтықтағы жанармайдың бағасы жазылған стелланы қиратқан.

 

Куәгерлердің айтуынша, 5 рет күшті жарылыстың дыбысы естілген.

 

Өрт салдарынан отын сақталған бірнеше қойма жарылды. Қою қара түтін бірнеше шақырымнан көрінген.

 

Өрттің шығу себебі: резервуарға отын толтырып жатқанда газ сыртқа шығып кетіп, жарылыс болған. Кейін өрт басталды.

 

Бұған газ тасымалдаушы көлікті жерге тұйықтамауы себеп болғанға ұқсайды.

 

Яғни техникалық қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Нәтижесінде бір жүк көлігі мен жанармай тасушы көлік жанып кетті.

 

Ресей тергеу комитеті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

 

 

24.kz




Көрілген: 729    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 08:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31