Шартарап

Ресейде жасанды ет өндірілді

  • https://24.kz

    https://24.kz

Ресейлік ғалымдар алғаш рет жасанды еттен котлет дайындады. Тіпті одан әзірленген гамбургерді мәскеулік мейрамхана қонақтарына ұсынған.


Жалпы жасанды жолмен ет өндіруге екі жыл кетті.


Ғалымдардың айтуынша, ол пробиркада өндіріледі. Ол үшін асыл тұқымды Абердин-ангус бұзауларының бұлшықет тіні қажет екен. Осыдан кейін ол қоректік заттармен бірге өсіріледі.


Осылайша ғалымдар салмағы 40 грамм болатын ет фаршын дайындаған. Бірақ бір кемшілігі бар, оның құны өте жоғары - 900 мың рубльге жуық.


Айта кетсек, жасанды еттен жасалған бургер алғаш рет Голландияда осыдан 6 жыл бұрын әзірленген болатын. Сол кезде оның бағасы 280 мың долларды құраған еді.


Дина Степанова, лаборатория жетекшісі:


- Біз жасанды ет құрамын түрлендіре аламыз. Мәселен, еттегі майлы қышқылдар санын арттыру мүмкіндігі бар. Немесе дәрумендерге бай ет өсіруге болады. Сондай-ақ вегетариандарға арналған ет өнімдерін дайындай аламыз.


 24.kz




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 11:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30