Шартарап

Ресейде коронавирус өршіп тұр

  • Ресейде коронавирус өршіп тұр

    Ресейде коронавирус өршіп тұр

Өткен тәулікте 1 мың 106 науқас осы кеселден көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл пандемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш. Ал вирус жұқтырғандардың саны – 36 мың 446. Эпидахуалдың ушығуынан аймақтағы ауруханаларда бос орын тапшы. Жансақтау бөлімдерінде де хал үстінде жатқандар көп. Дәрігерлер биылғы жағдай өткен жылмен салыстырғанда әлде қайда күрделі дейді.

Роман Миронов, дәрігер: - Ауруханалар науқастарға лық толы. Дімкәс жандардың 99 проценті – коронавирусқа қарсы вакцина қабылдамағандар. Қазір 540 орынның 490-ы бос емес. Жансақтау бөлімінде 50 науқас жатыр.

Украинадағы ахуал да мәз емес. Ауруы асқынғандардың арасында жастар көп. Дәрігерлер болса қолданылып жатқан дәрі-дәрмектер көмектеспей жатқанын айтады. Украинаның денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні ковид диагнозы қойылған 734 адамның жан тапсырып, рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлайды. Жергілікті билік көптеген өңірді «қызыл» түсті аймаққа жатқызып, санитарлық шектеу шараларды күшейтті.

Айта кетейік, 41 млн халқы бар елде шамамен 7 млн адам ғана бұл індетке қарсы егілген. Бүгінде мұғалімдер мен кей мемлекеттік қызметкерлерге вакцина салдыру міндеттеліп отыр.

Татьяна Михайлевская, дәрігер: - Соңғы кездері науқастар саны артып кетті. Әсіресе жастар көп. Әдетте ем-домға қолданатын дәрілер еш нәтиже бермей жатыр. Жағдай қиындап барады.

Ақтауда бір күнде екі көлік өртенді. Оқыс оқиға «Толқын 2» және «Ақтау» шағын ауданында болған. Бірінші автомобильдің іші ал, екіншісінің қозғалтқыш тұратын бөлігі тұтанған. Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер алаулаған отты өшірді. Аталған жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/506695-resejde-koronavirus-rship-t-r
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 12:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31