Ресейде қызыл күрең киім үшін шешен ұлттық гвардиясымен арада жанжал болды (видео)

19 қазан 2021, 15:36

Ставрополь өлкесіндегі Тамбукан оқу-жаттығу орталығында қызыл күрең бас киімді кию құқығы үшін сынақ кезінде 604-ші арнайы Витязь орталығының сарбаздары мен Шешенстаннан келген әскери қызметшілер арасында жанжал туындады. Росгвардия басшылары төбелес болмағанын, бірақ «эмоциялардың көрінісі» болғанын айтты, ал Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров қызыл күрең береттің жаңа иелерін құттықтады.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kavkazr.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Ресми ақпарат бойынша, 11-15 қазанда өткен біліктілік сынақтарына арнайы жасақ бөлімшелерінің 115 қызметкері қатысты. Олар дайындық бағдарламасының барлық пәндері бойынша сынақтан өтті, оның ішінде 10 шақырымдық жүгіру. Оған түрлі кедергілер бар арнайы жаттығулар кешені енгізілді.

 

Әскери журналист Александр Коц өзінің телеграм-каналында «Шешенстан өкілдері дәл осы тұста өз сарбаздарын көліктерге мінгізіп жеткізе бастады» деп хабарлады. Тілшінің айтуынша, бұл басқа жауынгерлерді ашуландырған, арты «жаппай төбелеске ұласқан, оны Ресей гвардиясының арнайы күштері бас басқармасының бастығы Игорь Семиляк жеке өзі басқарыпты» Басқа жауынгерлердің ашуына және қақтығыстарға қарамастан, Шешенстанның әскери қызметшілері қызыл күрең береттері атанды.

 

Әскерилер жайлы жазатын «ВЧК-ОГПУ» телеграм-каналы хабарлағандай, Тамбукан орталығында қызыл күрең берет алушыларға шабуылды қауіпсіздік күштерін бақылайтын шешен премьер-министрінің орынбасары Абузаид Висмурадов басқарды.

 

Оқиға орнынан түсірілген видеолар да желіде пайда болды.Росгвардияның өкілі Валерий Грибакин «Известияға» берген түсініктемеде жауынгерлер арасында ешқандай ұрыс болмағанын айтты,

 

Интернетте қақтығыс туралы ақпарат пайда болмай тұрып-ақ, Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров әлеуметтік желілерде қызыл күрең берет алған жауынгерлерді құттықтады.

 

«Ерекше армияға тағы бір 43 жауынгердік қосылғанын ерекше қуанышпен атап өткім келеді. Бұл біздің сарбаздардың физикалық және жауынгерлік дайындығының жоғары екендігін көрсетеді!» - деді Қадыров.