Шартарап

Ресейде індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін

  • Ресейде індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін

    Ресейде індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін

Ресейде де жағдай мәз емес. Ол елде де вирус жұқтырғандар арасында балалар көптеп тіркеліп жатыр. Егер бұрын жеткіншектердің көбісінде ауру белгілері байқалмаса, қазір орта немесе ауыр түрде өтетін болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу биілігі өкілдерінің мәлімдеуінше, күн сайын 25-30 бала ауруханаға жатқызылады. Қазір қала ауруханаларында 150 жеткіншек ем алып жатыр. Бірнешеуі өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Жалпы локдауннан кейін Мәскеуде ауруды жұқтыру 50 процентке, ал ауруханаға жатқызылатын науқастар саны 45 процентке азайды. Өңірлерде де эпидахуал түзеле бастады. Алайда үш күн қатарынан өлім-жітім көрсеткіші бойынша антирекорд тіркеліп отыр. Соңғы 11 күнде Ресейде тәулігіне 1200-ден астам адам қайтыс болған.

Александр Арутюнов, Терапевтер еуразиялық қауымдастығының бас хатшысы: – Қазір Мәскеуде ауруханаға жатқызылатын науқастар саны азайып келеді. Ал Ресей бойынша қатаң шектеулер енгізген өңірлерде эпидахуал тұрақталғаны байқалады. Алдағы бір айда індеттің таралуы бәсеңдейді деп ойлаймын. Және көктемді күту керек. Егер сол кезге дейін көп адам вакцина алса, ұжымдық иммунитет қалыптасады. Әйтпесе, көктемде індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін.




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 00:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31