Шартарап

Ресейде Өзбекстанның 10 азаматы тірідей өртеніп кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ресейдің Томск облысында өрттен Өзбекстанның 10 азаматы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Причулымский ауылындағы бір қабатты ағаш үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама мәскеу уақытымен 00:10-да түскен. Бірінші бөлімше оқиға орнына жеткенде үй толықтай өртке оранған. Жалын 208 шаршы метр аумақты шарпыды. Әуелде бес адамның денесі табылған. Кейінірек, РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі, мерт болғандар саны 10-ға жеткенін мәлімдеді.

Шұғыл қызмет өкілдері тағы екі адамның зардап шеккенін айтты. Үш адам өз беттерімен шығып үлгерген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер Өзбекстан азаматтары», - делінген ақпаратта.

Дереккөз мәліметінше, ағаш үйде ағаш дайындаумен айналысатын «Гринвуд» Жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығының 12 жұмысшысы тұрып жатқан.

Зардап шеккен екі азаматқа емханалық көмек көрсетілді.

 




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30