Шартарап

Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Екатеринбургте Вячеслав Тропин және Вадим Мустафин есімді екі полицей 22 жастағы Қазақстан азаматын қызметтік көлігінде зорлады деген күдікке ілінді.


Оқиға 18 тамыз күні түнде болған.


Басылым мәліметінше, Тропин мен Мустафин қызды саунадан шыққан жерінен қолға түсірген. Кейін қызметтік көлігіне отырғызып, арам ойын іске асырған.


Зорлады деген күдікке ілінген полицейлерді Свердлов облысы бойынша ІІМ бас басқармасының жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстаған.


Тергеушілер бұлтартпау шарасы ретінде соттан үш күдіктіні қамауға алуды сұрап отыр.


«Ресей ІІМ қауіпсіздік қызметі бас басқармасының шешімімен қызметкерлер кезекші патрульдердің зорлық-зомбылық сипаттағы қылмысты жүзеге асырғаны қаншалықты рас екенін тексеруге жіберілді. Теріс ойын жүзеге асырмақ болған кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, ішкі істер органдарынан қуылатын болады», - деді Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.


Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ басқармасына осы қылмысқа қатысты ақпарат беруді өтініп, жазбаша сауал жолдады, деп хабарлады Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.


«Консулдықтан зардап шегушінің өзі көмек сұрамаған. Сол себепті Қазақстан азаматы ма, жоқ па, әлі нақты растай алмай отырмыз», - деп атап өтті ол.


tk.kz


 


 


 




Көрілген: 1601    Пікірлер: 0

жұма, 23.08.2019, 09:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30