Шартарап

Ресейде ұшақ апаты болды: қайтыс болғандар бар - видео

  • Ресейде ұшақ апаты болды: қайтыс болғандар бар - видео

    Ресейде ұшақ апаты болды: қайтыс болғандар бар - видео

Бортында 16 адамы бар ұшақ діттеген жеріне төрт шақырым жетпей қонған

"Сила" әуе компаниясының жеңіл L-410 ұшағы Иркутск облысының орманында апатты жағдайда қонды. 

Ұшақ діттеген жеріне төрт шақырым жетпей қонған, деп хабарлады РИА Новости.

Ұшақ бортында 16 адам болды. 

"Мен ұшақ салонындағы жолаушылардың бірімен хабарластым. Ұшақтың корпусы майысқан. Ішінде адамдар қысылып қалды", - деді Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев. 
Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қайтыс болды - біреу экипаж мүшесі мен үш жолаушы. 


Зардап шеккендер Казачинское кентінің ауруханасына жеткізілді. Оның үшеуінің жағдайы ауыр. Жуық арада олар санавиациямен Иркутск қаласына жеткізіледі. 

Құтқарушылар ұшақта қысылып қалған адамдарды шығарумен айналысуда.


Билік зардап шеккендердің отбасына миллион рубльден төленетінін айтты. Ауыр жарақат алғандар - 500 мың , жағдайы орташа жандар 250 мың, жеңіл жарақат алғандар 100 мың рубль көлемінде өтемақы алады.

15 қыркүйекте Иркутск облысында қаралы күн.

Тергеу комитеті қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

L410 — екі моторлы жеңіл ұшақ. Ол 1973 жылдан бері қолданылып келеді. 

sputnik.kz




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 10:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31