Шартарап

Ресейде ұшақ құлады: Қайтыс болғандар бар

  • Ресейде ұшақ құлады: Қайтыс болғандар бар

    Ресейде ұшақ құлады: Қайтыс болғандар бар

Ресейде Л-410 ұшағы Кемерово облысына дұрыс қонбаған, көз жұмғандар бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, бұл Промышленный ауданындағы Журавлево ауылының маңында болған. Бастапқыда бортта 20 адам болғандығы туралы хабарланды: 18 адам жарақат алды, екі ұшқыш қайтыс болды.

 Кейінірек Төтенше жағдайлар қызметі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санын анықтап, дұрыс қонбау салдарынан 15 адам зардап шегіп, төртеуі қайтыс болғанын хабарлады.

Кузбассқа шұғыл қонған ұшақта қозғалтқыштардың бірі істен шықты, қону кезінде ол орман алқабымен соқтығысқан, дейді Батыс Сібір көлік прокуратурасының өкілі.

"10.17-де ұшақ экипажы қозғалтқыштардың бірінің істен шыққанын хабарлады және қонбақ болған кезінде орман алқабына тап болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болды, төртеуі ауыр халде", - деді ақпарат көзі.

Ол алдын-ала мәліметтер бойынша ұшақта 15 парашютші және экипаждың екі мүшесі болғанын айтты.
Кемерово облысында ұшақ апатынан зардап шеккен төрт адамның жағдайы ауыр, тағы 11 -нің жағдайы орташа, деп хабарлады облыс губернаторы Сергей Цивилев.

 




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

сенбі, 19.06.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31