Шартарап

Ресейлік танымал әнші жол апатына ұшырады

  • © Sputnik / Екатерина Чеснокова

    © Sputnik / Екатерина Чеснокова

МакSим ретінде танылған ресейлік әнші Марина Абросимова жол апатына түсті. Қазір әртістің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады оның менеджері Маргарита Соколова.


Таяу уақытқа жоспарланған МакSимнің концерттері мамыр мен маусымға ауыстырылды.


"Жуықта көбіңіздің сүйікті әншілеріңіз МакSим әуежайға барар жолда ірі жол апатына ұшырады, ол "Абонент недоступен" клипін түсіру үшін Мәскеуге қайтуға асығып келе жатқан. Қазір қорқынышты күндер артта қалды, жағдай толық бақылауда, Маринаны үздік дәрігерлер емдеп жатыр – оларға көп рахмет", - деді Соколова.


Ол Маринаның кереуетте жатқан суретін жариялады, әншінің денесі көгеріп, қанталап кеткен.


Дәрігерлер Марина ауруханада 20 мамырға дейін жатады деп болжап отыр. Менеджер әртістің тыңдармандарынан жағдайға түсіністік танытып, тезірек сауығып кетуін тілеуді сұрады.


 


Sputnik




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31