Ресейлік телеарналар Еуропа хабар тарату одағынан шықты

26 ақпан 2022, 23:48

"Первый канал", ВГТРК және "Радио дом Останкино" Ресейдің "Евровидение-2022" ән байқауынан шеттетілуіне жауап ретінде Еуропа хабар тарату одағынан шығатынын хабарлады.

 

Компаниялар шеттетуді "өзінің бейсаяси статусын әрқашан білдіріп келген музыкалық форумдағы орынсыз саяси құрбандық" деп сипаттады.

 

Олар Ресейді шеттету Евровидениеге қатысты мұндай шешімдердің алғашқысы емес екенін атап өтті.

 

Мәселен, 2016 жылы ашық саяси манифест болып саналатын "1944" әні (Украина әншісі Jamala – Қырым татарларының депортациясы туралы – Sputnik) жеңіске жетті.

 

Сонымен бірге бірнеше жылдан кейін байқауды ұйымдастырушылар саясатты сылтауратып, Беларусьті (оппозициялық күштер Беларусьтегі наразылық қозғалысын сынады деп есептеген "Я научу тебя" әні үшін) сайыстан шығарды.

 

Ресейдің пікірінше, бұл екі мысал байқауды ұйымдастырушылар "саясат" терминін әділетсіз әрі біржақты түсіндірген осы іспеттес жағдайлардың бір парасы ғана. Бұл ретте ұйымдастырушылар Еуропа хабар тарату одағы мүшелерінің жартысы оған кірмегенімен, Еуроодақтың қалауын орындап келген.

 

Ресейлік компаниялар Еуропа хабар тарату одағы "қатысушыларға теңдік берілмейтін клубқа айналды" деп мәлімдеді. Олар бұдан былай бұл одақта қалу мүмкін емес деп есептейді.