Шартарап

Ресейлік вакцина екі жылға дейін коронавирустан қорғайды - Гинцбург

  • Ресейлік вакцина екі жылға дейін коронавирустан қорғайды - Гинцбург

    Ресейлік вакцина екі жылға дейін коронавирустан қорғайды - Гинцбург

Вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу 18 маусымда басталған, оны салдыруға 18 науқас келісті. Сынақты шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр

Мәскеуде Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург қорғаныс министрлігімен бірлесіп жасалған коронавирусқа қарсы вакцина екі жылдан астам уақыт бойы әсер ететінін айтты. Бұл жайында ол "Красная звезда" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Препарат вирустың "корона" ақуызын кодтайтын тұқымды жеткізу үшін аденовирустық контейнер пайдаланады. Оны екі рет енгізеді. Бір ген түрлі тасымалдаушы арқылы салынады – бұл ұзақ уақытқа қорғаныс иммунитетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп түсіндірді Гинцбург.

 

Оның айтуынша, күшейтілген нұсқадағы вакцинаны алған адам коронавирус инфекциясын кем дегенде екі жыл, тіпті одан да ұзақ уақытқа дейін жұқтырмауы мүмкін.

 

Гинцбург препараттың мұндай ұзақ уақыт әсері болатыны африкалық Гвинеяда эбола вирусына қарсы вакцинаны әзірлеу кезінде дәлелденгенін алға тартты. Бұл жұмысты Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы Ресейдің қорғаныс министрлігіне қарасты медициналық мекемелермен бірлесіп жүргізген.

Препараттың қажетті мөлшері туралы айта келе, ол Ресей халқын коронавирустан жаппай вакцинациялау үшін жетпіс миллион дозаға дейін шығару керек болатынын атап өтті.

Ел басшылығы мен денсаулық сақтау ұйымдары өндірісті ұлғайту процесін жолға қою бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, академик шетелдік медицина ұйымдарының вакцина әзірлеу технологиясымен бөлісуге асықпай отырғанына қынжылды.

Ғылыми-зерттеу орталығы мен қорғаныс министрлігі әзірлеген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу 18 маусымда Бурденко атындағы емханада басталды. Вакцинаны салдыруға 18 ерікті келісті. Оны шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.06.2020, 21:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31