Шартарап

Ресейлік вирусолог үнді штамын жұқтырғандар арасындағы жаңа симптом туралы айтты

  • Ресейлік вирусолог үнді штамын жұқтырғандар арасындағы жаңа симптом туралы айтты

    Ресейлік вирусолог үнді штамын жұқтырғандар арасындағы жаңа симптом туралы айтты

Иіс және дәм сезу қабілеттерінің бұзылуы коронавирустың дельта нұсқасын жұқтырған науқастардың азында ғана байқалады. Науқастарда көбіне асқазан-ішек ауруларының белгілері анықталған. Бұл туралы ресейлік вирусолог, Новосібір мемлекеттік университетінің (НМУ) биотехнология, микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бір симптомдардың үлесі көтеріліп, басқа симптомдардың үлесі азаюда. Дельта нұсқасын жұқтырған науқастар арасында иіс және дәм сезу қабілетінің бұзылуы аз байқалады, алайда асқазан-ішек ауруларының белгілері көбірек кездесе бастады», - деді вирусолог штамның жаңа симптомдары туралы қойылған сұраққа жауап ретінде.

Нетесовтің айтуынша, бұл S ақуызының рецепторлық байланыстырушы доменінің құрылымының өзгеруінен болып отыр. Соған сәйкес, оның жасушаларға әсер ету ерекшелігі де өзгеріске түскен.

«Байқауымызша, олар бір-бірімен тығыз байланыста. Мұндай жасушалар өкпеде де, қан тамырларының қабырғаларында да, ішекте де кездеседі. Симптомдардың ауысуы осыған байланысты болуы әбден мүмкін», - деп қосты ол.

Вирусолог дельта штамының ағзада тез көбейетіні бұған дәлел бола алатынын атап өтті.

«Бұны көп елдердің коронавирус бойынша деректері растай алады. Сол себепті де вакциналау қарқыны жоғары елдер де зардап шегуде», - деп түсіндірді Нетесов.

Еске салсақ, пандемия басталғаннан бері әлем бойынша 190,1 млн адам коронавирус жұқтырып, одан 4 млн-нан астамы көз жұмды.




Көрілген: 772    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 11:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30