Шартарап

Рим папасы ұйғырларды "қудаланған халық" деп атады

  • Рим папасы ұйғырларды

    Рим папасы ұйғырларды "қудаланған халық" деп атады

Рим папасы Франциск Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң Ұйғыр автономиясы ауданында қоныстанған ұйғыр этникалық тобын қаналған халық деп атады, деп хабарлайды CNN-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қудаланған халықтар жайлы жиі ойлаймын: рохинджа, ұйғырлар, езидтерді ДАИШ-тің оларға жасаған қастандығы, Мысыр, Пәкістанда шіркеуде дұға жасап жатқан жерден бомбадан қаза тапқан христиандар жайлы ойланамын", - дейді Франциск "Армандайық: жарқын болашаққа жол" атты жаңа кітабында. Бұл кітап 23 қарашада тұсауы кесілді. 

 Қысқа ғана атап өткенмен, Рим папасы ұйғырларға қатысты басқа мәселелерді ашып жазбайды. Алайда қудаланға басқа да этникалық топтар, соның ішінде рохинджа жайлы толығырақ айтып өтеді. 

Өз кезегінде, сейсенбіде өткен баспасөз брифингінде сөйлеген Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицян Рим Папасы Францисктің ұйғырларды қудаланған халықтар тізіміне қосуы "мүлдем негізсіз"деп мәлімдеді.

"Қытайда 56 этникалық топ бар, ал ұйғыр этникалық тобы - қытай ұлтының үлкен отбасының тең құқықтарға ие мүшесі. Қытай үкіметі әрдайым азшылық топтарына бірдей қарады және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғады", - деді ол.




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31