Жоғарғы қабаттағы бөлмеде үлкендердің қараусынсыз қалып қойған бала еңбектеп баспалдаққа жақындап қалды. Алға қарай тағы бір рет қозғалғанда ол сатыдан төмен құлдилауы мүмкін еді.
Алайда қасындағы мысық бір қауіптің боларын сезгендей қарғып барып, сәбидің әрекетіне кедергі жасай бастады.
«Құтқару операциясы» таспаланған видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды mir24.tv.
Үй жануары баланы қорқытып алмас үшін әрі тырнағы жарақаттап кетпес үшін аса сақтықпен қимылдаған.