Шартарап

Сәбиін құшағына алып, көлік айдаған әйел жұрттың ашуын туғызды (видео)

  • © silver.ru

    © silver.ru

Төрт баланың анасы кішкентай баласын құшағына алып, көлік айдаған. 28 жастағы Агина әлеуметтік желілерде бір қолымен баласын, екінші қолымен көлік рөлін ұстап отырған видео жариялады, деп хабарлайды ресейлік НТВ арнасы.


"Көлікте отырсам да, баламды жанымнан бір елі қалдырғым келмейді. Ол мен үшін ауамен бірдей, өмірімнің мәні",- деп жазылған видеода.


Әйел жолға қарамай, баласын сүйіп отырғанын да көруге болады. Ресейдің Набережные Челны қаласының тұрғындары Агинаның мұндай қауіпті әрекетін өзге бейнелерден де байқаған. Әйел видеолардың бірінде баласын қасына алып, көлік жүргізген. Өзі де, баласы да қауіпсіздік белдігін тақпапты.


"Заң бәрі үшін бірдей емес пе? Балаға да, өзіңізге де, жолдағы өзге адамдарға да қауіп төндіріп тұрсыз. Осындай видеоны жолда емес, үйде түсіруге болмай ма?",- деп ызаланды жергілікті тұрғындар.


 


Sputnik




Көрілген: 871    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 18:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30