Шартарап

Сақалдыларға қарсы науқан басталды

  • https://www.dw.com

    https://www.dw.com

Өзбекстанның Наманган қаласында ішкі істер органдары мен салық инспекциясының өкілдері "Чорсу" базарында жұмыс істейтін екі кәсіпкерден сақалды қырып тастауын талап еткен.


Кәсіпкерлердің айтуынша, 22 қыркүйекте базарға қарапайым киінген адамдар келіп, өздерін ішкі істер органдарынанбыз деп таныстырған. Олар сақалды азаматтарды тоқтатқан.


Наманган облыстық және қала милициясы мәжбүрлі науқанға қатысты пікір білдірмеді.


Намангандық бір кәсіпкердің айтуынша, қарапайым киінген белгісіз адамдар оны базарда бірнеше мәрте тоқтатқан.


"Әуелі олар учаскелік инспектормыз деді. Бірақ мен олардың бұл жерден емес екенін біліп тұрдым. Олар маған: "Сақалыңды неге өсіресің? Қырып таста" деп ескертті. Мен оларға: "Исламда сақалсыз жүруге тыйым салынған" деп жауап бердім. Олар менің діни сенім еркіндігі құқымды шектеп тұрғанын түсіндіруге тырыстым. Бірақ олар мені тыңдамады. Милицияға күшпен алып кетуге талпынды. Сол кезде біздің жанымызға көп адам жиналып қалды. Олар мені алып кете алмады, мен сақалымды алмадым", - деді кәсіпкер.


Осы базарда істейтін тағы бір саудагер үш мәрте сақалға қатысты ескерту алғанын айтты.


"Жексенбі күні келді. Одан соң 24 қыркүйекте тағы келді. Енді бүгін санэпидемстанциядан келіпті. Әуелі тазалық сақтауымызды сұрады, кейін: "Сақалдарыңды қырып тастаңдар, "жоғарыдан" осындай бұйрық түсті" деп ескертті. Біз алаңдап отырмыз", - деді саудагер.


Биыл 23-24 тамызда құқық қорғау органының қызметкерлері Ташкенттегі "Малика" базарында рейд жүргізіп, сақалды ондаған азаматты ұстаған. Милиция бөлімінде олардың сақалын алып, босатқан.


Бірнеше күннен соң Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасы сақал "ақылды" камералардың жұмысына кедергі келтіреді деп мәлімдеген.


centralasian.org

 


 


 


 


 


 




Көрілген: 704    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 16:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31