Шартарап

Сан-Диегода аспаннан долларлар жауып, көліктер кептеліп қалды

  • Сан-Диегода аспаннан долларлар жауып, көліктер кептеліп қалды

    Сан-Диегода аспаннан долларлар жауып, көліктер кептеліп қалды

Калифорнияның Сан-Диего қаласынан өтетін негізгі трассалардың біріне аспаннан ақша жауып, көлік кептелісіне себеп болды. Жолға белгісіз бір жақтан доллар купюралары шашылды. Өз көздеріне өздері сене алмаған жүргізушілер көліктен түсіп, жолда шашылған ақшаларды жинай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NY Post басылымына сілтеме жасап.

Кейіннен бұл жағдай инкассатор көлігі жүргізушісінің кесірінен болғаны анықталды. Ол темір тұлпарының есігін жабуды ұмытып кеткен. Қатты жылдамдықпен келе жатқандықтан, есік ашылып, қомақты сомманы ұшырып әкеткен. 

Куәгерлер "өмірімізде көрген ең үлкен бассыздық осы болды" деп пікір білдірді. 

 Олардың басым бөлігі қуанғандарынан шыңғырып, ақшаны жинай бастады. Инкассатор иесі жағдайды кеш түсініп, купюраларды жинаған автокөлік нөмірлерін жазып ала бастады. 

Оқиға орнына жеткен полицейлер де оның әрекетін қайталады. Сондай-ақ, олап табылған бар ақшаны кері қайтаруды талап етті.

“Бұл долларлар жинақты сақтандыру бойынша федералды корпорацияға, инкассатор компаниясы мен банкке тиесілі. Табылған ақшаны қайтару қажет”, – деді полициядағылар кейіннен өткен баспасөз мәслихаты кезінде.

Федералды тергеу бюросы ақшаны қалтаға баспақ болған екі адамның тұтқындалғанын растады. Өзге “бақыт иелері” іздестірілуде. 

Stan.kz




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 17:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31