Сан-Францискода роботтар ғимараттарды вирустардан тазартады

25 желтоқсан 2021, 21:21

Коронавируспен ғалымдар, дәрігерлер ғана емес роботты техника мамандары да күресіп жатыр, деп жазды Хабар24.

 

Сан-Франциско өнертапқыштары ауруханалар мен кеңселерді вирустан арылтатын робот ойлап тапты. Ол өздігінен жүре отырып, дезинфекция жасайды. Бұл әсіресе кеңселер үшін аса қажеті. Өйткені омикронға байланысты көп жерде жұмыс тоқтап қалған.

 

Дегенмен, мұндай роботты екінің бірі сатып ала алмайды. Өйткені бағасы қымбат. Бағасы 70 мың доллардан асады. Сол себепті ковидқа қарсы тұрар роботты сатып алуға әзірге тек үлкен компаниялар тапсырыс берген.

 

–        Бұл робот ковид пен індеттің өзге де штамдарын бір секундта анықтайды. Және оны 99 проценттік дәлдікпен жоюға болады. Бұған сенімдіміз. Бұл әсіресе кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлердің еш алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы дүние, - дейді компанияның бас операциялық маманы,  өнертапқыш Тра Ву.

 

 <iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/jdf0Tjch3KU" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>