Шартарап

Санк-Петербургте зейнеткерліктегі ҚР ІІМ подполковнигі көз жұмды

  • Сурет : Невские Новости / Анастасия Борисенко

    Сурет : Невские Новости / Анастасия Борисенко

21 қаңтарда Ресейдің Мариинск ауруханасында 62 жастағы ҚР ІІМ Өртке қарсы қызмет подполковнигі Вячеслав Джексенов қайтыс болды, деп хабарлайды fontanka.ru.

Оған күндізгі сағат төртте Дегтярная және Советская 9 көшелерінің қиылысындағы үйдің маңында шабуыл жасалды. Алған жарақатына қарағанда (желкесінде жарақат бар) ер адамды артқы жағынан келіп, ұрған. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді, онда бір сағаттан кейін қайтыс болды.

Оқиға орнынан темекі тұқылдары алынды. Ол маңдағы үйлерде бақылау камералары орнатылмаған болып шықты. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.

Марқұмның әйелінің сөзіне қарағанда, ол темекі шеккен жасөспірімдермен жанжалдасып қалған, деп жазады Комсомольская правда.

Полиция бірден істі тексеруге кірісті.

- Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері келіп, куәгерлерден жауап алынды. Полиция қызметкерлері жедел түрде үш жасөспірімді анықтап, олардан жауап алды. Аталған факті бойынша тексеру материалдары тергеу органдарына процедуралық шешім қабылдау үшін жіберілді, - деп хабарлады ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша департаменті.

Белгілі болғандай, жасөспірімдер ер адамның өліміне қатысы жоқ. Жанжалдан кейін үйіне көтеріліп бара жатқан ер адам баспалдаққа құлаған.

- Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам жазатайым оқиға салдарынан, яғни пәтерінің кіре берісінде баспалдақтан құлау салдарынан ауыр жарақат алған. Тергеу ісінде мектеп оқушылары ер адамды өлтіргені туралы ақпарат жоқ, оларды ұстау туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - деп түсіндірді Санкт-Петербургтегі Тергеу комитетінің Орталық тергеу басқармасындағылар.

"Журналистские расследования" (АЖУР) агенттігі хабарлағандай, 62 жастағы марқұм Вячеслав Жексенов өмірінің жартысына жуығын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде жұмыс істеп, подполковник атағымен зейнетке шыққан. Жексенов министрліктің үздәк қызметкерлері және құрметті ардагерлері тізіміне енген, отты-қолданбалы спорт түрлерінен спорт шебері атағына ие және бірнеше рет республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

2014 жылы Жексенов Санкт-Петербургке көшіп келіп, кәсіпкерлерге кеңес беру үшін шағын кәсіп ашқан.

kaz.zakon.kz
 




Көрілген: 171    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 16:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29