Шартарап

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

  • "Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

АҚШ-тың Мичиган штатында 64 жастағы Грегг Макчесни маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған. Салдарынан ол 9 күннің ішінде көз жұмды.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


«Грегг шілде айының соңында фермада болып, маған көмектесті. Ол сап-сау еді, риза болып жүрді. Алайда дерт оны 9 күннің ішінде сұлатып түсірді», - дейді қайтыс болған ер адамның ағасы Марк Макчесни.


Ағасының сөзінше, Грегтің ұстамасы ұстап, артынша бірден ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер оның бойынан шығыс жылқы энцефалиті вирусын анықтаған. Аталған вирусты масалар таратады екен. Өкінішке орай, дәрігерлер ер адамды құтқара алмады.


Шығыс жылқы энцефалитін жұқтырғандардың аяқ астынан дене қызуы көтеріліп, қалтырап, буындары ауырады. Сонымен қатар аурудың салдарынан науқастың басы қатты ауырып, дірілдеп, миы қабынады. Тіпті, адамның салдануына алып келеді. Жағдай ауырлағанда, ми зақымдалып, салдарынан науқас комаға түсіп немесе өліп кетеді.


Аталған вирус өте сирек кездеседі. Ол жылына шамамен 7 адамнан анықталады екен. Белгілісі, 15 жасқа толмаған балалар мен жасы 50-ден асқандар қауіпті вирусты жұқтыруға анағұрлым бейім.




Көрілген: 923    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 19:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31