Сәтті TikTok түсірген азамат кенеттен қымбат көлік мініп, жұлдызға айналды (видео)

19 қазан 2020, 22:26

АҚШ тұрғыны TikTok қосымшасында жайбарақат скейтпен сырғанап жүрген видеосының арқасында күтпеген жерден қымбат көлік мініп, жұлдызға айналып шыға келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы mc.today сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Зауытқа қарай скейтпен бет алған сәтін видеоға түсірген азамат, жол бойы рақаттанып сусын ішіп жүреді. Оcean Spray сусынын ішіп, Dreams &mdashFleetwood Mac әнін тыңдаған ер адамның видеосы 14 қазанға дейін 50 млн-нан астам қаралым жинап үлгереді.

 

Нәтижесінде сусынға сұраныс ерекше артып, ән де ерекше танымалдыққа ие болған. Ер адамның өзі де бір сәтте жұлдызға айналып шыға келеді.

 

Оның видеосын танымал блогерлер де қайталауға тырысуда.

 

Саудасы жүрген сусын компаниясы болса, ер адамға алғыс ретінде су жаңа көлік сыйға тартқан.

 

Мәз мейрам болған азамат келесі TikTok видеосын қымбат көлігінде отырып түсірді.

 

TikTok-та, Instagram-да ер адамға тек танымал жұлдыздарға берілетін көк түсті құсбелгі берілді.

 

TikTok командасы да кенеттен жұлдыз болған азаматтың ролигін өз жарнамасында пайдаланбақ. Олар бұл видеоға "Бәрі TikTok-тан басталады" деген лозунг ойлап тапқан.