Шартарап

Сауд Арабияға қар жауды

  • Сауд Арабияға қар жауды

    Сауд Арабияға қар жауды

 Сауд Арабиясының тұрғындары жылына бірнеше апта қардың қызығына бөленетін көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2020 жыл да арабтар үшін қар әкелді. 12 қаңтар күні Табук првинциясының таулы аймағына қалың қар түсіпті. Жергілікті тұрғындар мен туристер бұл қызыққа куә болу үшін Жәбәл-әл-Лауз тауына асығуда. Қардың қалыңдығы соншалықты тауда шаңғы мен шана тебуге болады. Біреулер тіпті тауға түнеу үшін де барған.

Такутағы туризм басқармасының өкілі Уаиль әл-Хәлди қардың түсуі туристер мен тұрғындардың назарын аударып келеді. Жергілікті ауа райын болжаушылардың мәлімдеуінше қардың арты, жауын-шашынға ұласады екен.

"Бұл жылы қардың түсуі оқушылардың демалысымен дәлме-дәл келді, сонымен қатар басқа аймақтардан туристер жиналатына сенімдіміз", - дейді әл-Хәлди.

Дегенмен осы аймаққа қардың жауғаны ерекше құбылыстың нышаны көрінеді. Жергілікті тұрғындардың кейбіреулері қарды алғашқы рет осыжылы көріпті. Ал шөл даланы мекендейтін жануарлар үшін бұл ауа райының бірқатар қолайсыздық тудыратыны сөзсіз.




Көрілген: 213    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 10:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29