Шартарап

Сауда үйі өртеніп, 19 адам ажал құшты

  • Фото: India Today

    Фото: India Today

Үндістанның Гуджарат штатына қарасты Сурат қаласында төрт қабатты коммерциялық ғимарат өртенді. Оқиғаның салдарынан 19 адам мерт болды, сонымен қатар тағы бірнеше адам жарақат алған деп хабарлайды Корреспондент басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


«Қою түтін мен жалыннан қашқан адамдар ғимараттың үшінші және төртінші қабаттарынан секіріп кеткен. Олардың көпшілігі ауруханаға түсті. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады қалалық өртке қарсы күрес қызметі.


Өрттен сақтандыру диспетчерлік қызметінің өкілі тілсіз жауды ауыздықтау мен адамдарды құтқару үшін 19 өрт сөндіру техникасы мен 2 биікке көтеретін құрылғылар қолданылғандығын жеткізді.


Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Жергілікті билік өрттен қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, Гуджарат штатының басшылығы мен жергілікті билік өкілдеріне зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді міндеттеді.


Тергеу амалдары жүргізілуде.




 




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 10:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31