Шартарап

Сауда үйінде болған жантүршігерлік оқиға (видео)

  • CC0 / Ecco

    CC0 / Ecco

Қытайдың Гуандун провинциясы Дунгуан қаласындағы сауда үйлерінің бірінде адам шошырлық оқиға болды, деп хабарлайды Newsflare порталы.


Оқыс оқиға 25 тамыз күні болған екен.


Шаһардағы сауда үйлерінің бірінде әйнек шатырдың күл-талқаны шығып, жаңбырдан кейін жиналған сумен бірге қыздың үстіне құлап, күшті ағынмен алысқа ұшырып жіберді. Жантүршігерлік жайт бақылау камерасына түсіп қалыпты.



Кейін белгілі болғандай, нөсер жаңбыр сауда үйінің әйнек шатырына жиналған. Қатты қысымға шыдамаған шатыр ақыры қирап түсіпті.


Оқыс оқиғадан кейін сауда үйіне келушілер қорқып, сыртқа қаша жөнелген. Абырой болғанда, қаза тауып немесе ауыр зардап шеккендер жоқ. Екі адам ғана жеңіл-желпі жарақат алды. Оларды жергілікті аурухана дәрігерлері қарап, үйлеріне жіберіпті.


 


sputnik

 




Көрілген: 4766    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 09:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31