Сауық кеші кезінде үйдің төбесі опырылып түсті

01 мамыр 2023, 15:49

АҚШ-тың Огайо штатында студенттер сауық құрып, үйдің төбесін ортасына түсірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан 14 адам жарақат алды.

 

Колумбус қаласындағы бұл ғимарат көп кісінің салмағын көтере алмаған.

 

Полицияның мәлімдеуінше, оқиға кезінде үйдің төбесінде 40-тан астам студент болған.