Саяси баспана іздеген Беларусь атлеті Тимановская Жапониядан Польшаға аттанады

03 тамыз 2021, 09:20

Беларусь жеңіл атлеті Кристина Тимановская ертеңгі рейспен Жапониядан Польшаға аттанады. Бұл туралы Спорт ынтымақтастығы қорының атқарушы директоры  мәлімдеді.

 

Бұған дейін ол спортшының еуропалық елден саяси баспана алуға құжат тапсырғанын айтқан болатын.

 

Тимановскаяның күйеуі де Беларусьтен кетуге шешім қабылдаған. 

 

Арсений Зданевич, Кристина Тимановскаяның күйеуі:

 

- Біздің командада бірдеңе болатынын сездім, бірақ дәл осылай ушығады деп күтпедім. Естеріңізге сала кетейік, Кристина Тимановская өзін күштеп Токио  Олимпиадасынан  елге қайтарғалы жатқанын, әлеуметтік желі арқылы хабарлаған болатын. Ол Беларусьтің Жазғы Ойындарға дайындығы барысындағы қателіктерін ашық айтқан. Елдің Ұлттық Олимпиада комитеті өз кезегінде Тимановская эмоциялық-психологиялық жағдайына байланысты жарыстан шеттетілетінін" мәлімдеген.

 

 

 

24.kz