Шартарап

Сайлау комиссиясының 91 мүшесі дауыс санаудан зорығып көз жұмды

  • © Antara

    © Antara

Индонезияда өткен жалпыхалықтық сайлаудағы дауыстарды санау кезінде титықтап зорыққан 91 адам қайтыс болды. Бұл туралы сейсенбіде Antara агенттігі Индонезия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ариф Будиманға сілтеме жасап хабарлады.


Ариф Будиманның айтуынша, тағы 374 адамның қатты қалжырағандықтан денсаулығы күрт нашарлаған.


Құрбан болғандардың арасында Малуку провинциясындағы сайлау учаскесінің басшысы Адодо Молу да бар. Ол өңірдегі сайлау қорытындыларына арналған жалпы отырыс кезінде жан тапсырды.


17 сәуір күні Индонезиядағы ең үлкен сайлау өткізілді. Ел азаматтары президенттен тыс екі палатаның депутаттарын, жергілікті заң шығарушыларды сайлаған.


Сайлауға жалпы 240 кандидат қатысып, олар 20 мың орынға таласқан болатын. Дауыс беруге 193 млн сайлаушының 80 пайызы келген.


 


ҚазАқпарат 


 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31