Шартарап

Селфи жасаған жігіт масқара болды (фото)

  • https://golos.ua/

    https://golos.ua/

TikTok қолданушысы жігітінің опасыздығын сәтсіз жасалған селфи арқылы біліп қойғанын айтып, көпшіліктің назарына ілікті деп жазады golos.ua.

 

Бойжеткен жігітінің селфиінен оның өзгемен көңіл жарастырғанын айқын дәлелмен тапқан. Бұл туралы TikTok-та видео жария еткен ару 1 миллионнан астам қаралым мен мыңдаған пікірге ие болды.

 

"Бір кездері 4 жыл бойы кездесіп жүрген жігітім маған ұсталып қалды. Оның көзілдірігінде қандай кескін бейнеленгенін қараңыз", - деп жазды Сидни Кинш.

 

Ол көлік жүргізіп бара жатып, күн көзілдірігімен селфиге түскен жігітінің суретін көптің назарына салады.

 

 

Суретте жігіт тағып алған көзілдіріктен оның қасында өзге әйелдің отырғаны байқалып қалған. Әйел көліктің терезесінен аяғын шығарып алып, жайбарақат отырғаны анық көрінеді.

 

"Мен оған қоңырау шалып, Snapchat-ынан опасыздығының дәлелін тауып алғанымды айттым. Жігітім қылмысы ашылып қалғаны туралы мүлде ойламаған. Мен оған селфиін қайта жібергенімде, ол менің есімнен адасқанымды айтумен болды. Артынша, ол көлікте отырған досының құрбысы екенін айтып ақталды", - деп есіне алды бойжеткен.

 

Алайда бір аптадан кейін Кинш өзінің опасыз жігітінің бір айдың ішінде бес түрлі әйелмен кездескенін біліп, онымен ажырасуға бел буған.

 

Синдидің детективтік шеберлігіне тәнті болған жұрт оған 175000-нан астам лайк басып, қолдау пікірлер жаудырған.

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 4616    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 00:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31