Шаңғышы бес жасар қызды қағып өлтірді

18 қаңтар 2022, 16:39

Француз Альпісіндегі Флен тау-шаңғы курортында шаңғышы Ұлыбританиядан келген бес жасар қызды қағып өлтірді. Бұл туралы Sky News хабарлайды.

 

Басылым мәліметінше, қыз басқа балалармен бірге шаңғымен сырғанауды үйреніп жүрген. 40 жастағы ер адам қозғалыс бағытын өзгерте алмағаннан кейін оған қарай үлкен жылдамдықпен сырғыған.

 

Жарақат алғаннан кейін зардап шеккен қыз тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, бірақ ол жолда қайтыс болды. Полиция шаңғышыны тұтқындады, оған адам өлтірді деген айып тағылды.

 

 

kaz.tengritravel.kz