Шартарап

Шаурма үшін турист әйелден миллион теңге алған

  • © Sputnik / Евгений Одиноков

    © Sputnik / Евгений Одиноков

Израильде дәмхана қызметкерлері туристің банк картасынан шаурма үшін 10,1 мың шекель (шамамен 1,1 миллион теңге) шешіп алған, деп хабарлады Times of Israel.


Біраз уақыттан кейін әйел тамақтану орнына қайтып келіп, ақшаны қайтаруды талап еткен. Оның айтуынша, израильдік БАҚ-тар оқиға жайлы жазғаннан кейін қаражат оның шотына қайтарылған.


Шаурма сататын дүңгіршектің иелері қателік кетті деп ақталды. Алайда бұрынғы қызметкер жергілікті БАҚ-қа бейқам туристерді алдаудың мұндай тәсілі бұрыннан бар екенін айтты.


"Ол жерден жұмыстан кетуімнің бір себебі осы, – дейді аты-жөнін айтқысы келмеген бұрынғы қызметкер. – Олар бағадан алдай бастады, бұл сұмдық. Полиция туристермен бірге үш рет келді".


Оның айтуынша, көшедегі дәмханада мәзір жоқ, сатушылар шаурманың тәрелкесі 80 шекель тұрады деп айтып, ал ақысын еуро немесе доллармен алатын көрінеді. Кейде клиент шоттағы "қатені" байқап қалады, ал кейде банк картасымен төлей салады.


 sputnik




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 12:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31