Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шавкат Мирзиёев халыққа Жолдауында Қарақалпақстан туралы айтты

20 желтоқсан 2022, 15:04

Өзбекстан президенті парламент пен халыққа жолдауында биліктің мақсаты Жаңа Өзбекстанда жан-жақты дамыған, жайлы және гүлденген Жаңа Қарақалпақстан құру екенін атап өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы шілде айының басындағы оқиғаға тоқталды. Ол жағдайды тез қалыпқа келтірген «дана халыққа» алғысын білдірді, деп хабарлайды Gazeta.uz.

 

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан президенті:

 

– Қарақалпақстанның қол жеткізген жетістіктері – бүкіл Өзбекстанның жетістігі, Қарақалпақстанның уайымы – бүкіл Өзбекстанның уайымы. Бұл идея біз үшін әрқашан практикалық іс-қимыл бағдарламасы болды және солай бола береді.

 

Өзбекстан президенті «біздің халықтарымыздың ежелден келе жатқан достығына ешбір күш әсер ете алмайды» деп қосты.

 

Сондай-ақ ол Конституция жобасында азаматтардың барлық ұсыныстары мен тілектері ескерілетінін айтты. Оны жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

 

"Халқымыз конституциялық реформадан үлкен өзгерістер күтуде. Бүгінгі күні келіп түскен 220 мыңнан астам ұсыныс – соның жарқын дәлелі. Пікірталас пен ақылдасулар жалғасуда" –деді Шавкат Мирзиёев.

 

2022 жылдың 1 шілдесінде Қарақалпақстан азаматтары Нөкіс қаласының айналасында шерулер ұйымдастырып, одан кейін орталық дехқан базарының аумағына жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырды.

 

Халық шеруге Конституцияға Қарақалпақстанның Өзбекстаннан шығу құқығы туралы тармақты алып тастайтын түзетулер жобасына байланысты шықты.

 

Кейін өзбек билігі шерушілердің мемлекеттік органдарды басып алу әрекеті туралы хабарлады. Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді.

 

Мирзиеев кейін Қарақалпақстанның құқықтық статусы туралы нормалардың өзгеріссіз қалуы үшін Олий Мажлистің заң шығару палатасына жүгінді.

 

Қарақалпақстандағы оқиғаға қатысты сот қараша айының соңында басталды. Айғақтарды куәгерлермен қатар, әскерилермен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлері де берді. Іс бойынша 22 айыпталушы бар.