Шартарап

Шенеунік журналистерді гей жасап, түрмеге жабам деп қорқытқан

  • https://www.centralasian.org/

    https://www.centralasian.org/

16 қаращада әлеуметтік желілер мен жергілікті ақпарат құралдарында Ташкент қаласының басшысы Жахонгир Артыкхожаевтың дауысына ұқсас адамның аудиотаспасы жарияланды. Ол журналистерді өлтіріп, гей жасап, түрмеге қамаймын деп қорқытқан.


Аудиотаспадан шенеунік журналистермен сөйлесіп тұрғанын түсінуге болады.


"Бір апта бұрын олар менің зауыттарым тура жазды, Artel'ді монополия жасап отыр деп сынаған. Оларға 10 мың доллардан берсең, басқаша сайрайды. Олар - антұрғандар! Олар адамның баласы ма, иттің күшігі ма? Өз ойлары жоқ, лас қаңғыбастар!"


Одан соң Артыкхожаев журналистерді қорқытқан.


"Сендерді махаллаға кіргізбейтіндей, ата-аналарыңды қорлайтындай жасаймын. Қолымнан келеді! Маған сендерді гей деп жариялау қиын ба? Оңай! Сөз еркіндігі. Алты секундтың ішінде сендерді геймен таксиге отырғызып, сурет түсіріп аламын. Бітті! Сендер - гейсіңдер!".


"Үйден ескертусіз шыңсаңдар, үш күн жоғалып кетесіңдер. Ескертемін. Ана жақта жазар, бірақ мұнда бір аптадан соң ұмытып кетеді. Бітті! Суға ағып кетті дей салады. Өмір солай! Сол себепті біздің көңілімізден шығыңдар".


Аудиотаспа әлеуметтік желілерде, журналистер мен блогерлер тарапынан сынға ұшырады.


Артыкхожаев та, Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі де аудиотаспаға қатысты пікір білдірмеді.


Өзбекстандағы журналистер Артыкхожаев бұған дейін де ар-намысқа тиетін сөздер айтқан дейді. Әлеуметтік желі қолданушылары мемлекет басшысынан шенеунікті қызметтен алуын талап етті.


 .centralasian.org




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31