Шартарап

«Шенеунікті өртеген кәсіпкер»: аудан әкімі орынбасарының үстінен іс қозғалды (видео)

  • Фото: Орталық Азия жаңалықтар қызметі

    Фото: Орталық Азия жаңалықтар қызметі

Өзбекстанның Қашқадария облысы Яккабаг ауданы әкімінің орынбасары Мансур Туймаевқа қызметін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.


20 шілдеде Яккабаг ауданының жергілікті кәсіпкері Бахриддин Исомов екіқабатты дүкенін сүруге бұйрық берген әкім орынбасары Мансур Туймаевтың үстіне бензин шашып, өрт қойған. Кәсіпкер несиеге тұрғызған дүкенін өтемақысыз сүруіне қарсы болған.


Осы оқиғадан кейін Яккабаг ауданы әкімі Шохмурод Донаев пен аудан прокуроры Жамшид Халилов қызметінен алынды.


Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Қашкадария облысының әкімі Зафар Рузиев Яккабаг ауданына барып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізген. Әкім жартылай сүрілген кәсіпкердің дүкенін қайта жөндеп беруге уәде берген.


Еске сала кетейік, бұған дейін бульдозермен келген аудан әкімінің орынбасарын кәсіпкер өртеп жібергенін жазған болатынбыз.



 sn.kz




Көрілген: 722    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 12:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30