Шартарап

Шереметьево әуежайында Хабиб Нурмагомедовтың інісі ұсталды

  • Усман Нурмагомедов. Фото: instagram.com/usman_nurmagomedov

    Усман Нурмагомедов. Фото: instagram.com/usman_nurmagomedov

Мәскеудің Шереметьево әуежайында Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі ұсталды. Ол көлікпен полиция қызметкерін қағып кетті деген күдікке ілінді.

 

РИА Новости агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Усман мен оның досы Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталды.

 

Олар полицейді көлікпен қағып кетті деген күдікке ілінген.

 

Life басылымының жазуынша, Усман Нурмагомедов пен оның жолдасы Камал Идрисов Мәскеуге ұшатын ұшағына кешігіп, Махачкала әуежайының жанындағы бақылау-өткізу бекетінде жылдамдығын бәсеңдетудің орнына полиция капитанын қағып кеткен.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіп сақшысы басынан жарақат алған.

 

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

Ресей ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір күдіктілерді ұстау және уақытша ұстау изоляторына орналастыру мәселесі шешілуде.

 

Бұл ретте Усман Нурмагомедов Instagram парақшасында барлығын сабырға шақырды.

 

"Кімнің не жазып жатқанын білмеймін, бірақ сабыр етіңіздер. Хабарламаларды қарша боратып жатырсыздар, бәрі жақсы", – деп жазды ол.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 09:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31