Шартарап

Шеру кезінде жерде сүйісіп қыз бен жігіт 10 жылдан кейін де бақытты екенін айтады

  • Фото: Getty Images

    Фото: Getty Images

Он жыл бұрын Канаданың Ванкувер қаласындағы шеру кезінде фотограф Ричард Лам түсірген фото әлемге әйгілі болған деп хабарлайды qamshy.kz.

 

10 жыл бұрын Стэнли кубогының финалындағы 7-ойында Ванкувер Кэнакс құрамасы Бостон Брюинзге есе жібергеннен кейін қала көшелерінде шеру жасаған және бүлік шығарған адамдардың мыңдаған фотосуреттері жарияланды. Сол түні түсірілген мыңдаған фотолардың біреуі басқа фотоларға қарағанда өте танымал болды. Ол шеру кезінде сүйісіп жерде жатқан жұптың фотосы еді. Ғашықтардың айналасында сарбаздар мен тәртіп сақшыларымен тұрған.

 

Фото бүкіл әлемге тез тарап, газеттер мен веб-сайттардың бас беттерінде жарияланды, жетекші телевизиялық жаңалықтардың басты тақырыбына айналды.

 

Тәртіпсіздік кезінде сүйісіп жатқан жұп, австралиялық Скотт Джонс пен канадалық Алекс Томас әлі күнге дейін бірге. Австралиядағы Перт қаласында бірге бақытты ғұмыр кешіп, бала тәрбиелеп отыр.

 

Сол түнде олар Ванкувер орталығында достарының үйінде ойын тамашалап, тәртіпсіздіктер болған кезде үйге қайтып бара жатқан.

 

Үйге қайту кезінде олар Ванкувердің бір топ тәртіп сақшысының тобына тап болған. Полиция оларды теуіп, жерге жыққан.

 

– Бұл өте шиеленісті жағдай болды. Бізді полиция тепті, олар бізді ұрып жатты. Бірақ мен фото туралы шынымен де ойлаған емеспін, оны тыныштандыру үшін сүйдім, – дейді Джонс.

 

Томас сол сәтте ол қатты қобалжығанын және Джонс оны тыныштандыруға тырысқанын айтты.

 

– Мен сол кезде өте қатты састым, қатты қорқып, алаңдадым. Мені құлатып тастады, – дейді ол тәртіпсіздік болған кездегі полицияның әрекетіне наразы болып.

 

Ванкуверде өскен Томас бұрын мұндай жаппай тәртіпсіздікті көрмеген.

 

– Мен бүліктер туралы естігеніммен (1994 ж.), ондайды көрмегенмін. Ванкуверде бүлік өте сирек болады, – дейді ол.

 

Олар әлемге танымал болған фото туралы Facebook- қолданушылары өздерін белгілегенге дейін ештеңе білмеген.

 

Фотосурет қазір маркетингте және бүкіл әлем бойынша өнімдерге арналған кампанияларда қолданылды.

 

Бұл фотоның меншік құқы Getty Images-ге тиесілі. Фотоны пайдаланғысы келетін кез-келген адам Томас пен Джонстан рұқсат алуы керек.

 

Ал суретті түсірген фотограф пен жұп бүгінге дейін хабарласып тұрады.

 

Қазір ерлі-зайыптылардың үш жасар қызы барү Олар Перт қаласында "Beerpourium" деп аталатын сыра барын ашқан.

 

Томас әлі күнге дейін Ванкувер Кэнакс құрамасының жанкүйері және егер олар Стэнли кубогын жеңіп алса, жұп тағы да танымал фото жасайтынына сенеді, бірақ бұл ретте жерде жатпай, мерекелік позада болады деп үміттенеді.

 

 

 

 




Көрілген: 1481    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 22:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31