Шартарап

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ресми табысы кейінгі екі жылда 50 есе өскен

  • © Sputnik / Саид Царнаев

    © Sputnik / Саид Царнаев

Шешенстан басшысының ресми порталында Рамзан Қадыровтың 2020 жылға арналған табыс декларациясы жарияланды. Құжатқа қарағанда, республика басшысының табысы бір жылда екі есе өскен деп хабарлайды Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметі.

 

2020 жылы Қадыров 381 миллион рубль (5 миллион доллар шамасында) тапқан. Шешенстан басшысының 2019 жылдағы табысы 147 миллион рубль, 2018 жылдағы табысы 7,5 миллион рубль болған. Яғни, кейінгі екі жылда Рамзан Қадыровтың табысы 50 есе өскен. Кірістің көзі көрсетілмеген.

 

Шешенстан басшысының меншігінде жалпы ауданы 32 мың шаршы метр болатын екі жер учаскесі мен ауданы 2344 шаршы метр жеке үй көрсетілген. Ал әйелінің атына 209 шаршы метрден тұратын пәтер жазылған.

 

Ресми тұрғында Қадыровтың атындағы ешқандай автокөлік жоқ. Бірақ ол айналасындағы адамдарға шетелдің қымбат көліктерін жиі сыйға тартады және оқ өтпейтін лимузиндерін мақтан тұтады.

 

"Жоғары лауазымды адамдардың миллионер екені құпия емес. Олардың "Пятерочкаға" (азық-түлік дүкендерінің желісі) барып, такси ұстауға мұқтаж емес екені де құпия емес" деді саясаттанушы Константин Калачев Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметіне Қадыровтың табысы туралы пікір білдіре отырып.

 

Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметі сөйлескен сарапшының айтуынша, Қадыров табысының 2019 жылдан кейін күрт өсуіне оның Батыс санкцияларына ілігуі түрткі болуы мүмкін: ол енді ақшасын шетелде емес, Ресейде ұстауға мәжбүр.

 

"Проект" басылымы жақында Рамзан Қадыров туралы зерттеу жариялап, оның тағы бір әйелі барын, Мәскеуде соның атына қымбат пәтерлер жазылғанын хабарлады. Зерттеуде Шешенстан басшысының әйелдері жалпы құны кемі 800 миллион рубль (10,6 миллион доллар) болатын мүлікке ие екені айтылады. Журналистер Қадыровтың өмір салты оның ресми табысына сай келмейді деп атап өткен. Кремль Қадыровтың табысы туралы журналистік зерттеу қосымша тексеруге негіз емес деп мәлімдеді.

 

 

azattyq.org




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 16:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30