Шетелден ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды
Шетелден ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 
2021 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.  
815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді.  
Оның ішінде: 
Алматы қаласының әуежайына &ndash 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен &ndash 434, анықтамасыз - 135; 
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына &ndash 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен - 79, анықтамасыз - 21;
Ақтау қаласының әуежайына &ndash 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен - 140, анықтамасыз - 6.   
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.  
2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай &ndash Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале &ndash Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул &ndash  Алматы рейсімен келген.