Шартарап

Шри-Ланкада тағы екі жарылыс болды - БАҚ

  • Шри-Ланкада тағы екі жарылыс болды - БАҚ

    Шри-Ланкада тағы екі жарылыс болды - БАҚ

Шри-Ланкада тағы екі жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. БАҚ мәліметінше, жетінші жарылыс Шри-Ланканың батыс бөлігінде орналасқан Дехивала қаласындағы зоологиялық бақ маңында болған.


Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, бірнеше адам зардап шекті. News 1st телеарнасының мәліметінше, сегізінші жарылыс Коломбо қаласының маңындағы Дематагода қалашығындағы тұрғын үй кешенінде болған. БАҚ мәліметінше, Шри-Ланкада жарылыстар салдарынан қаза тапқандар саны 185 адамға жеткен. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді. "Бүгін Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында бірқатар бесжұлдызды қонақ үйлерінде үш жарылыс болды. (...) Шри-Ланка Ішкі істер министрлігінің біздің дипломаттарымызға берген алдын-ала ақпаратына сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында. Еске салайық, 21 сәуірде Шри-ланкада католиктер шіркеуінде пасха мерекесін тойлау кезінде және Коломбо қонақ үйінде және елдің басқа да бөліктерінде алты жарылыс болды. Жергілікті News 1st телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 160-тан асқан, ал 360 адам зардап шеккен. Шри-Ланка үкіметі жедел отырыс жасады.

 




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.04.2019, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31