Шартарап

Швецияда Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы жол апатынан өлді

  • Швецияда Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы жол апатынан өлді

    Швецияда Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы жол апатынан өлді

Швед суретшісі, Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы Ларс Вилкс жексенбіде Швецияда жол апатынан өлді. Швед баспасөзінің мағлұматына қарағанда, 75 жастағы суретші мініп келе жатқан мәшине жүк көлігімен соғысқан. Суретші мен оны күзетіп жүрген екі полицей өліп, жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жараланған.

2007 жылы Мұхаммед пайғамбар карикатурасын салып, "ислам жауларының" тізіміне енгелі Ларс Вилкс полиция күзетімен жүрді.

Швед және дат газеттерінде жарияланған карикатура әлемнің көптеген елдерінің мұсылмандарын ызаландырды. Вилкске қоқан-лоққы көбейді. "Әл Қаида" террор ұйымы карикатураны салған суретшіні өлтірген адамға 100 мың доллар беретінін жариялады.

2010 жылы екі адам суретшінің Швециядағы үйін өртемек болды. Университеттердің бірінде лекция оқып тұрғанында студенттердің бірі оған пышақ салып, жеңіл жаралаған. АҚШ-та "Вилксті өлтірмекке уағдаласты" деген айыппен Колин Ларуз 10 жылға бостандығынан айырылған.

Ларс Вилкстің карикатруасын жариялаған сатриалық Charlie Hebdo журналына шабуыл жасалып, 2015 жылы 12 адам өлді.

Барша қоқан-лоққыға қарамастан Вилкс "сөз бостандығы бар адам құқығынан құнды нәрсе жоқ" деп бірнеше рет мәлімдеген.




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 23:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31