Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Си Цзиньпин Байденге ескерту жасады

29 шілде 2022, 11:49

ҚХР басшысы Си Цзиньпин Тайвань төңірегіндегі шиеленістің өршуіне байланысты АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуі кезінде Си Цзиньпин Вашингтонның "тұтас Қытай қағидасын" ұстануы керек екенін, Қытай сырттан Тайвань тәуелсіздігі мен сыртқы істеріне араласуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты. Сонымен қатар, Қытай халқының Тайвань мәселесінде "Қытайдың ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға" бел байлағанын, арал жарияланған тәуелсіздікті мойындамайтынын айтты.

"Отпен ойнаған күйеді. АҚШ бұған шындап қарайды деп үміттенеміз", - деді Си телефон арқылы.
Байден Си Цзиньпинге АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін және Вашингтон Тайвань бұғазы арқылы "статус-квоны" өзгертуге немесе бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзуға бағытталған біржақты әрекеттерге қарсы екенін айтты.

Әңгімеден кейін Тайвань Байденге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, АҚШ-пен қауіпсіздік саласындағы серіктестікті жалғастыратынын айтты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Ақ үй бұл қоңырау әкімшіліктің Қытаймен байланыс желілерін тереңдетуге және "қайшылықтарды жауапкершілікпен басқаруға" бағытталған жоспардың бір бөлігі екенін мәлімдеді.

Tengrinews.kz