Сиднейде 4 метрлік ақ акула сүңгуірге шабуыл жасады

20 ақпан 2022, 15:29

Британиялық Саймон Неллист Австралияда акуланың шабуылынан кейін қайтыс болды, деп жазады жергілікті Metro.

 

35 жастағы ер адам сәрсенбі, 16 ақпанда қайтыс болды. Ол Сиднейдегі Кіші шығанақ маңындағы Бьючан-Пойнттан бірнеше метр жерде жүзіп келе жатқанда, оған төрт метрлік акула шабуыл жасаған. Дайвинг нұсқаушысы суға түсуге дайындалып жатқан.

 

«Симон жұмсақ, мейірімді және тамаша адам болды. Ол сүйікті жар, ағас және дос болды», – деп атап өтті туыстары.

 

Олардың айтуынша, акула сүңгуірдің денесін бөлшектеп тастаған.

 

Марқұмның туысы Джеки Сигер түсіндіргендей, Нелист әрқашан теңізді жақсы көрген.

 

«Ол жабайы табиғат пен әлемді жақсы көрді. Оның табиғатқа деген шынайы сүйіспеншілігі болды. Ол өмірді жақсы көретін өте мейірімді және қамқор адам еді», –деп қосты ол.

 

Бұл Сиднейде 1963 жылдан бері 60 жыл ішінде акулалардың өлімге әкелген алғашқы шабуылы екен.

 

 

 

24.kz