Өзін бақсы санайтын 100 жастағы нигериялық әйел мен баланы көзінен айырған “жоралғыны” ұстанған екі жасөспірімді полиция ұстады. Бұл туралы PUNCH басылымы хабарлайды.
Кано штатындағы Кумбацо жергілікті өзін-өзі басқару округі тұрғыны Фурера Абубакар қамауға алынып, оның клиенті 12 жастағы Мұстафа Юнустың көзін ойып алды деп айыпталды.
"Шабуылдаушы оң жақ көзін ойып, онымен бірге белгісіз бағытқа қашып кетті", – делінген Кано штатының полициясының қоғаммен байланыс департаментінің мәлімдемесінде.
Өзін бақсы атаған Абубакармен бірге 17 жастағы Исах Хасан мен 16 жастағы Сани Абдулрахманды тұтқынға алғаны хабарланды. “Мыстан” оларға баланың көзін "пайда болуы мен жоғалуы" сиқырлы тұмарын жасау үшін қажет екенін айтқан.