Сирек кездесетін балық аулаған балықшы миллионер атанды

31 мамыр 2022, 19:32

Пәкістанда кедей балықшы сирек кездесетін балық аулаған соң байып шыға келген. Бұл туралы Stan.kz тілшісі ProPakistani басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Ер адамның сөзінше, Гвадар аймағындағы Арабия теңізінің жағалауында балық аулап жүрген. Ауды судан алып шыққанда жергілікті тұрғындар сува деп атайтын балықты ұстағанын көрген. Бұл балық Оман шығанағында мекен етеді, алайда сирек кездескендіктен қымбат екен. Балықтың салма,ы 48,5 келіге тең.

 

Балықшы жағалауға оралғанда жанында бір топ адам жиналғанын айтады. Ал өзі кедейліктен құтылатынына қуанған. Кейін балықты аукционға шығарып, 10 миллион пәкістандық рупийге (21,64 миллион теңге) сатқан.

 

Бұған дейін Үндістанның Андхра-Прадеш шатының тұрғындары да сирек кездесетін балық аулаған. Балықшылар Азия елдерінде жоғары бағаланатын ала құныс балығын ұстаған.