Шартарап

Сирек кездесетін сиам егіздер дүниеге келді

  • Сирек кездесетін сиам егіздер дүниеге келді

    Сирек кездесетін сиам егіздер дүниеге келді

Дәрігерлердің айтуынша, бұл дицефальды парапага деп аталатын сиам егіздерінің сирек кездесетін түріне жатады

Бір денесінде екі басы бар сиам егіздер Өзбекстанның Самарқанд облысында дүниеге келді.

"Сәби 27 маусым күні кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Салмағы – 4 600 грамм, бойы – 48 сантиметр. Қазіргі уақытта нәрестелерде демікпе мен жүрек жеткіліксіздігі байқалғандықтан, ылғалды оттегімен тыныс алуда. Жағдайы ауыр деп бағаланады", – деп жазады Sputnik Өзбекстан.

Жаңа туған нәрестеде бір дене, бір жұп қол мен аяқ, бір жүрек, екі өкпе, бір асқазан және бір жатыр бар. Олар дицефальды парапага деп аталатын сиам егіздерінің сирек кездесетін түріне жатады.

Самарқанд облыстық көпсалалы балалар медициналық орталығының дәрігері Фаровон Самиевтің айтуынша, қазір егіздер жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер жаңа туған нәрестені аман алып қалу үшін ем-дом шараларын жүргізуде.

Шарананың мұндай күйде екендігі жүктіліктің 21-ші аптасында анықталған. Бірақ ата-ана босануға шешім қабылдаған.

Айта кетейік, эмбриональды даму кезеңінде дене мүшелері толығымен бөлінбеген немесе ішкі мүшелері бірігіп қалыптасқан егіздерді – сиам егіздері деп атайды. Егіздердің Y әрпі пішінінде омыртқа арқылы біріккен түрі жиі кездеседі.

 

 




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31