Шартарап

Сирияның босқындар лагеріндегі тәжік әйелдер Эмомали Рахмоннан көмек сұрады

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Сириядағы Әл-Хол босқындар лагерінде отырған тәжік әйелдер Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға үндеу жолдап, мемлекет басшысынан елге оралуға көмектесуін сұрады.

 

Сириядағы босқындар лагерлерінде кезінде Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" тобы жағында соғысқан содырлардың әйелдері мен балалары тұрып жатыр.

 

Сирияның солтүстігіндегі Әл-Хол және Родж лагерлерінде шамамен 600 тәжік әйелі мен бала бар. Олардың дені Сирияға күйеулеріне еріп келген, бұл аймақта шын мәнінде не болып жатқанын білмеген.

 

Тәжікстан президентіне жазған хатында босқындар лагеріндегі тәжік әйелдері мемлекет басшысынан оларға елге оралуға көмектесуін сұраған. Бұның алдында Рахмон Сириядағы лагерлердегі 500 тәжік әйелі мен баласы елге оралады деп мәлімдеген.

 

"Сіздің сөзіңіз бізге күш берді. Біз отанға оралатын сәтті тағатсыздана күтіп жүрміз. Балаларымыз бұл елде өскенін қаламаймыз" деп жазды тәжік әйелдері.

 

Осыған дейін Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан Сирия мен Ирактағы экстремистерге қосылған жүздеген азаматтың отбасын еліне қайтарған. Олардың кейбірі өз елдерінде сотталды.

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 19:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31